.

Главная » 2013 » Январь » 1 » ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға диагностика жүргізуге арналған 11-сынып жетекшілері үшін материалдар
16:23
ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға диагностика жүргізуге арналған 11-сынып жетекшілері үшін материалдар
11-сынып жетекшілері үшін диагностика материалдары

Мұғалім оқушылармен кейбір диагностикалық зерттеулерді, коррекциялық (түзету) жұмыстарды жүргізе алады. Осы әдістемелерді білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде кеңінен қолдануға болады. Сынып жетекшісі оқушының мінез-құлқын, әсіресе темпераментін анықтау керек. Арнайы берілген балалардың темпераменттік шкалалары бойынша әр оқушының ата-аналарының жауабына қарай оның темпераментін анықтауға болады. ҰБТ-ты тапсыру оқушы үшін үлкен стрес. Сондықта сынып жетекшісі алдын ала әр оқушының, Э.Ховардтың тестерін пайдаланып, стреске төзімділігін анықтап, ақыл-кеңес беруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Л. Вассерман, С. Спилбергер сияқты ғалымдардың тестерін пайдаланып, оқушының жүйке жүйесінің тозу, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтайды. Әрине бұл тесттер оқу жылы ішінде кем дегенде үш рет жүргізіліп, мониторинг жасау арқылы әр оқушыға пайдалы кеңес беру үшін пайдаланылады.

2. Л. Вассерманның невротизация деңгейiн анықтауға арналған диагностикасы Мақсаты: невротизация деңгейін анықтау. Құрал: Сұрақ қағазы, жауап беретiн бланк, қылқалам. Нұсқау: « Төменде берiлген пiкiрлермен және ситуациялармен танысып, «ия» немесе «жоқ» деген жауапты таңдап отырыңыз».
1. Мен денемнiң кейбiр бөлектерiнде күйдiрудi, шаншудi, дене бойы түршiгудi, сiлеюдi сезiнемiн.
2. Мен сирек булығамын және менде жүректiң қатты дүрсiлдеуi болмайды.
3. Мен аптада бiр рет немесе одан да жиi қозушылықта немесе ашуланған жағдайда боламын.
4. Менiң басым жиi аурады.
5. Аптасына 2-3 рет менi түнде бастығырылу азап етедi.
6. Сонғы кезде мен өзiмдi өте жаман сезiнемiн.
7. Менде күнде бiрдеме болып қалады, ол менi шошытады.
8. Абыржыған кезде мен ұйқыдан айырыламын.
9. Әдетте жұмыс маған үлкен күшке түседi.
10. Кейде қатты толқыған жағдайда мен ұйқымнан айырыламын.
11. Мен көбiнесе өмiрге қанағаттанбаймын.
12. Менi әрқашанда бiр нәрсе қобалжытады.
13. Мен өзiмнiң таныстарыммен және жолдастарыммен сирек кездесуге тырысамын.
14. Маған өмiр әр уақытта аса шиеленiсумен байланысты.
15. Маған қандай болса да есепке немесе жұмысқа қадала көнiл аудару қиынға түседi.
16. Бiр күннiң iшiнде мен өте шаршаймын.
17. Мен болашаққа сенемiн
18. Мен жиi көңiлсiз ойға салынамын.
19. Күнделiкке қарағанда, кейбiр кезде, менiң басымның жұмыс iстеуі баяулайды.
20. Маған ең қиын күрес – ол өзiммен күресу.
21. Мен әрқашанда бiреу үшiн немесе бiр нәрсе үшiн мазасызданамын.
22. Менiң өзiме сенiмдiлiгiм төмен.
23. Мен өзiме сенбейтiнiмдi жиi сезiнемiн.
24. Аптасына бiрнеше рет, құрсақтың үстiнгi жағында, менiм мазамды кетіретiн, жағымсыз сезiм пайда болады.
25. Кей кезде менiң алдымда үлкен шеше алмайтын қиындықтар туатын сияқты.
26. Аптасына бiр рет немесе одан жиi мен себепсiз, аяқ астынан бүкiл денемде пайда болған қызуды сезiнемiн.
27. Мен кейбiр уақытта өзiме соншалық көп жауапкершiлiктi аламын, сонымен өзiмдi әурелеймiн.
28. Мен өзiмнiң киiнгенiме өте ұқыпты қараймын.
29. Соңғы кезде менiң көзiмнiң көруi нашарлап кеттi.
30. Адам арасындағы қарым-қатынаста көбiнесе әдiлетсiздiк жеңiп шығады.
31. Мен қатты мазасызданған кезде бiр орында отыра алмаймын.
32. Мүмкiндiк болған кезде мен рақаттанып билеймiн.
33. Көп адам жиналған жерден мен мүмкiндiгiм жеткенше қашақтауға тырысамын.
34. Менi менiң асқазаным өте мазалайды.
35. Кейбiр кезде мен түкке тұрмайтын нәрселердi уайымдайтынымды мойындаймын.
36. Өзiмнiң ашуланшақ және күнкiлдек болғаныма өзiм жиi ренжимiн.
37. Аптасына бiрнеше рет маған қорқынышты бiр нәрсе болып қалу мүмкiн деген сезiм келедi.
38. Менi менiң жақындарым дұрыс түсiнбейтiн болса керек. 39. Менде жиi жүрегiмде немесе кеудемде ауру сезiмi пайда болады. 40. Қонақта мен әдетте шетте отырамын немесе тек қана бiр адаммен сөйлесемiн. 3.Табысқа жету қажеттiлiгi. Нұсқау: Берiлген ситуацияларды көз алдыңа елестет және ойланбай тез, бiрден ойыңа келген жауапты ата. «Ия» немесе «Жоқ» жауаптарды жауап беретiн бланктың сәйкес келетiн графасына жаз. Жауап беретiн бланк: Сұрақтың № 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ия Жоқ
Сұрақтың № 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
Ия Жоқ Сұрақтар: 1 Табыс өмiрде алдын-артын болжағантықтан гөрi кездейсоқ жағдайға байланысты.
2. Егер мен көңiлiм сүйген жұмыстан айырылсам, онда маған өмiрдiң мағынасы жойылады.
3. Маған қандай болса iстiң ақырғы нәтижесiнен гөрi оның орындалуы кажеттi.
4. Менiң ойымша адамның көпшiлiгi жақындарының арасындағы жаман қарым-қатынастан гөрi жұмыстағы сәтсiздiктен азап шегедi.
5. Менiң ойымша, адамның көпшiлiгi, жақын арадағы мақсаттармен емес, алыс мақсаттармен өмiр сүредi.
6. Менiң өмiрiмде сәтсiздiктен гөрi жетiстiктер көбiрек.
7. Маған жiгерлi адамнан гөрi эмоциональды адамдар көбiрек ұнайды.
8. Тiптi әдеттегi жұмыста да мен оның кейбiр элементтерiне жаңалық енгiзуге тырысамын.
9. Жетiстiктер туралы ойлар менi толық тартып әкеткен кезде, мен сақтық шараларды ұмытып кетуім мүмкiн.
10. Менi ата-анам жалқау бала деп санаған.
11. Менiң бақытсыз болуыма менен гөрi жағдайлар айыпты деп ойлаймын.
12. Менiң ата-анам тым қатан бақлауға алған.
13. Менде, қабiлеттiлiкке қарағанда, шыдамдылық молырақ.
14. Өзiмнiң ниетiмнен бас тартуым, табысқа жетуiмнiң күмәндануыма емес, жалқаулыққа байланысты.
15. Мен өзiмдi өз күшiме сенетiн адам деп ойлаймын.
16. Табысқа жету үшiн мен қауiп-қатерлi жағдайға түсуiм мүмкiн.
17. Мен ынталыссыз адаммын.
18. Бәрi жатық болғанда менiм энергиям күшейедi.
19. Егер мен тiлшi болсам, онда мен саяхатшылардан гөрi адамдардың жаңа өнер табыстары туралы жазар едiм.
20. Менiң жақындарым әдетте менiң жоспарларымды қуаттамайды.
21. Менiң өмiрге қоятын талаптарым, менiң жолдастарымның талаптарынан төмен.
22. Менiң ойымша менде қабiлеттiлiктен гөрi қайсарлық артығырақ.
Нәтиженi өндеу. № 2,6,7,8,14,16,18,19,21,22 сұрақтарда «Ия» деген жауапқа және № 1,3,4,5,9,10,11,12,13,15,17,20 сұрақтарда «Жоқ» деген жауапқа бiр ұпайдан қосыңдар.
Табысқа жету қажеттiлiгiнiң көрсеткiшi ұпайдың жалпы қосындысы болып саналады. Оның шамасы 2-22 ұпайдың арасында жатады. 1. ТК < 10Сiз алдыңызға жеңiл мақсатты қоюды артық көресiз, жиi өзiңiздiң жай-күйiңiзбен қанағатталасыз, жұмысқа қызыға ынталанбайсыз. Әдетте жұмыс iстегенде оны жақсартам деп ойламайсыз.
2. ТК = 10 -12Бұл типке жататын адамдар нақты, тек өте киын емес мақсаттарды алдына коюды артық көредi. Мұндай адамдардың тiлегi тек практикалық iстермен байланысты. Жиi өзiнiң жай-күйiмен қанағатталынады. Жұмыс iстеген кезде, оны бұрын iстеген жұмысқа қарағанда, жақсырақ iстеймiн деп ұмтылмайды. Жұмыстағы сәтсiздiктi мазасызданбай басынан өткiзедi.
3. ТК = 13 -14Сiз өзiңiзге сын көзбен қарайсыз. Сондықтан сiз алдыңызға қиын мақсат қоясыз және оны орындауға тырысасыз. Кейбiр iстеген жұмыстарыңыз сiзге ұнамайды. Қайда болса да, жұмыс iстегенде сiз табысқа жетуге тырысасыз, әсіресе жарыстастық болса. Тек көмектен де бас тартпайсыз. 4. ТК = 15 -16Сiз өзiңiздiң мүмкiншiлiгiңiздi жоғары бағалайсыз, сондықтан алдыңызға қиын мақсаттарды қоясыз және оған жетуде қайсарлық мiнезiңiздi көрсетесiз. Жеткен жетiстiкпен қанағаттанбайсыз. Iстеген жұмысты одан да жақсартуға тырысасыз. Жұмысты берiлiп iстейсiз. Iстеген жұмысыңызға жаңалық енгiзуге тырысасыз.
5. ТК > 17Сiз ер мiнездiсiз. Сiз мақсатқа жетуде қайсарлық бiлдiресiз. Жеткен табысқа қанағаттанбайсыз. Әр уақытта iстеген жұмысты жақсартуға тырысасыз. Жұмыспен өте қатты әуестенесiз және табыс рақаттылығын бастан өткiзуге әуессiз. Қандай болса да жұмыска творчестволық және қуатты оймен кiрiсесiз. Жолдастарыңыздың жетiстiктерiне олармен бiрге қуанасыз. Жеңiл табысқа қанағаттанбайсыз.
Э. Ховард бойынша стреске төзімділік
№ Стрес саған қалай әсер етеді ? жәй кейде сирек 1. Мен тез ренжимін 3 2 1
2. Ұтылғанға шыдай алмаймын 3 2 1
3. Егер біреу мені ренжітсе ызаланамын, бірақ сезімімді ешкімге көрсетпеймін 3 2 1
4. Кезекке тұрғанға шыдай алмаймын 3 2 1
5. Қиналсам да, өзіме жауапкершілікті көп аламын. 3 2 1
6. Біреуден көмек сұрауға көп жағдайда қиналамын 3 2 1
7. Өз-өзімді басу үшін дәріге көп жүгіремін 3 2 1
8. Мәселені шешу үшін сенімді жолдастарыма шағынамын 1 2 3
9. Қателік жасасам кешірім сұрау маған қиын 3 2 1
10. Қателік жасасам, өзімді кінәлап, қатты уайымдаймын 3 2 1
11. Егер менің намысыма тиетіндер болса мен оларға жауап беруге тырысамын 1 2 3
12. Достарымнан алғанымнан гөрі бергенім көп деп есептеймін 3 2 1
13. Демалу үшін мен уақыт бөлемін және одан шын қуаныш аламын 1 2 3
14. Мен күнделікті дене шынықтыру жаттығуларына уақыт табамын 1 2 3
15. Мен жиі күлемін және қуанамын 1 2 3
Енді бәрін қос та, қандай топқа жататыныңды қара:
І топ: 15-25 ұпай: сен стреске шамалы ұшырайсың
ІІ топ: 26-36 ұпай: сен стреске орташа ұшырайсың
ІІІ топ: 36-45 ұпай: сен стреске жиі ұшырайсың.
С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы
Бұл әдіс стреске тұлғаның жеке сезгіштігі ретінде алаңдау деңгейін анықтауға және тұлғаның көп жағдайда қорқу, қауіптену жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді.
Сыналушыға ескерту:
Төмендегі сөйлемдерді зейін қоя оқып, оң жағындағы тиісті цифрларды сызыңыз,. Жауап беруге көп ойланбаңыз, себебі дұрыс не бұрыс жауап бәрі-бір жоқ.
№ Сөйлемдер ешқа-шанда кейде жиі ұдайы 1 Мен қанағаттанғанымды сезінемін 1 2 3 4 2 Мен тез шаршаймын 1 2 3 4 3 Мен оңай жылап жіберемін 1 2 3 4 4 Мен басқалар сияқты бақытты болғым келеді 1 2 3 4 5 Мен кейде тез шешім қабылдай алмағандықтан жеңіліп қаламын 1 2 3 4 6 Мен өзімді сергек сезінемін 1 2 3 4 7 Мен салмақты, салқын қанды, жинақы сезінемін 1 2 3 4 8 Қиыншылықты күту мені өте алаңдатады 1 2 3 4 9 Мен кейбір ұсақ-түйекке күйзелемін 1 2 3 4 10 Мен өзімді бақытты сезінемін 1 2 3 4 11 Мен бәрін де жүрекке жақын қабылдаймын 1 2 3 4 12 Маған өзіме деген сенімділік жетпейді 1 2 3 4 13 Мен өзімді қауіпсіз жағдайдамын деп сезінемін 1 2 3 4 14 Мен қиыншылықтар мен қысылтаяқ жағдайлардан қашамын 1 2 3 4 15 Менде жабырқау сәттер болады 1 2 3 4 16 Мен риза боламын 1 2 3 4 17 Барлық ұсақ-түйектер мені алаңдатады және ойландырады 1 2 3 4 18 Мен көңілім түңілген нәрсеге көп алаңдаймын. Ол туралы тіпті ұмыта алмаймын 1 2 3 4 19 Мен салмақты адаммын 1 2 3 4 20 Мен өзімнің жұмыстарым туралы ойласам күшті мазаланамын 1 2 3 4 Сұрақтар екі кіші шкаладан тұрады: Тұлғаның қасиеті және эмоциялық жағдайы ретінде алаңдауын өлшеу. Нәтижелерін есептеу: 2,3,4,5,8,9,11,12,14,15,17,18,20 сұрақтары жауабының сомасынан 1,6,7,10,13,16,19 сұрақтары жауабының сомасын алып таста. Оған 35 санын қос. Егер Спилбергердің шкаласы бойынша көрсеткіштің сомасы 30 ұпайға дейін болса – алаңдаудың төменгі деңгейі; 30 - дан 45 – орташа; 45- тен көп болса – алаңдаудың жоғарғы деңгейі. Алаңдаушылық деңгейі жоғарғы сыналушыға ерекше назар аударған дұрыс, оған психологиялық көмек жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру керек. Депрессиялық деңгейдi анықтауға арналған тест. Нұсқаулық: «Келтiрiлген пiкiрлердiң әр қайсысын ұқыпты оқыңыз және сәйкес келетiн әрiптi қойыңыз. Сұрақ туралы көп ойланбаңыз».
А – ешқашан немесе өте сирек. Б – кейбiр кезде В – жиi Г – үнемi немесе әрқашан
1. Мен жабырқануды сеземiн
2. Мен таңертең өзiмдi ең жақсы сезiнемiн
3. Менде жылау немесе жас дайын мерзiмi болады
4. Менiң түнгi ұйқым нашар
5. Менiң тәбетiм күнделiктi жағдайдан нашар емес
6. Мен құрдастарыммен қарым-қатынасқа сүйсiнемiн
7. Мен дене салмағымның түскенiн байқаймын
8. Менi қатты ауру мазалайды
9. Күнделiктi жағдайға қарағанда жүректiң соғуы жылдамдайды
10. Ешбiр себепсiз-ақ мен тез шаршаймын
11. Менiң ойымның саралығы күнделiктi жағдайда
12. Мен мазаланамын және соған қарай бiр жерде отыра алмаймын
13. Қолымнан келетiн нәрсенi мен ебiн тауып iстеймiн
14. Менiң болашақта үмiтiм бар
15. Мен күнделiктi жағдайға қарағанда өте ашуланшақпын
16 Мен шешiмдi жеңiл қабылдаймын
17. Мен өзiмнiң бiреуге пайдалығымды және қажеттiлiгiмдi сезiнемiн
18. Мен жан-жақты, жеткiлiктi, толыққанды өмiр сүрудемiн
19. Мен өлсем, онда бөтен адамдарға жеңiл болатынын сезiнемiн
20. Менi өткен қуаныштар кәзiргi кезге дейiн қуантады
Депрессиялық шкала
Депрессиялық деңгей осы формула арқылы есептеледi: ДД = ПР + ОБР мұнда: ПР – сұрақтардың қосындысы: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15, 19. ОБР – сұрақтардың қосындысы: 2, 5, 6, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 20. Жауапқа берiлген ұпай: А – 1 ұпай Б – 2 ұпай В – 3 ұпай Г – 4 ұпай ДД : 50 ұпайдан төмен – диагностикалық күйi депрессиясыз 50-59 ұпай арасында - женiл ситуативтi немесе невротикалық депрессия 60-69 ұпай арасында - субдепрессивтi күйi 70 ұпайдан жоғары - нағыз депрессилық күйдың диагностикасын көрсетедi. Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба? 1. Сіздің пікіріңіз бойынша, тағдыр...
1) сізді айналдырады -5
2) сізге әділетсіз -2
3) жақсы -1
2. Өзіңіздің жаман мәселеңіз туралы айтасыз ба?
1) жоқ, бұл сізге көмектеспейді -3
2) әрине, жақсы тыңдаушы болса -1 3) бәріне бірдей емес, ол туралы ойлау өзіме де қиын - 2
3. Қайғы, уайымды қалай қарайсыз?
1) әрқашанда өте ауыр –4
2) бұл жағдайға байланысты –0 3) шыдауға тырысамын, өйткені ерте ме, кеш пе мұндай жағдайдың бітетінін білемін –2 4. Егер сіз мүлдем "ащы суды” татпасаңыз келесі сұраққа көшіңіз. Егер ішсеңіз, не үшін ... 1) мұнда бар мәселені шешуге мүмкіндік бар -5 2) бір рет болса да "көңіліңді сергітесіз” –3 3) жәй ұнайды -1 5. Егер сізді біреу қатты жазаласа, не істер едіңіз? 1) үйде отырып, өз-өзімді аяймын –4 2) жақын жолдасыма барамын –2 3) көптен бері қол жетпеген қуаныш есебінде қабылдаймын -0 6. Егер жақын адамыңыз сізді ренжітсе, не істер едіңіз? 1) үндемеуге тырысамын –3 2) түсіндіруін талап етемін –0 3) тыңдаған адамның бәріне де айтамын –1 7. Бір сәт бақытты сезінсеңіз ойлаймын: 1) бақытсыздықтың болуы мүмкін емес деп –1 2) осы сәт тез өтіп кете ме деп қорқамын –3 3) өмірде көптеген қиындықтар барын да ұмытпау керек –5 8. Психиатр және психотерапевт туралы не ойлайсыз? 1) сіз олардың пациенті болғыңыз келмейді –4 2) олар көптеген адамдарға көмектесер еді - 2 3) адам өзіне өзі көп көмектесе алады –3
9. Жақын жолдасыңмен ұрысып қалсаңыз, ашуыңыз басылғаннан кейін не ойлайсыз? 1) бұрын арамызда не болғанын еске аламын –1 2) одан өшімді қалай алсам деп ойлаймын –2
3) оның қырсығына қанша шыдағаным туралы ойлаймын-3 Бәрін қосып, қанша ұпай жинағаныңызды қараңыз: 7-15 ұпай. Сіз барлық қиындықтарға көне білесіз, өзіңізді өте аямайсыз. Сіздің көңіл – күйіңізге таңдануға болады. 16-26 ұпай. Сіз тағдырға ренжисіз, бірақ мәселеріңізді өзіңіз шеше аласыз. 27-36 ұпай. Сіз әлі өзіңіздің мәселелеріңізді шешуді үйреген жоқсыз. Басса-Даркидің эмоциялық тесті Шарты: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз "+" белгісін, ал келіспесеңіз "-" белгісімен белгілеңіз. 1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін. 2.Заттарды лақтыратындай, ешқашан мен қатты тітіркенбеймін. 3.Мен тез ренжіп, жылдам басыламын. 4.Егер мені дұрыс, жиі жақсылап өтінбесе, өтінішті орындамаймын. 5.Меніц ойымша тағдыр маған қатыгез сияқты. 6.Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін. 7.Егер басқалар сөз-таласта менімен келіспесе, мен айтысудан бас тартпаймьн. 8.Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ұжданымньң алдында қатты азаптанамын, қысыламын, ұяламын. 9.Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емес сияқтымын. 10.Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жабамын. 11.Кейде адамдар мені өзінің қатысуымен ашу-ызамды келтіреді. 12.Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді. 13.Кейде мені қызғаныш мазалайды. 14.Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын. 15.Менің құқығымды басқалар сыйлағанды талап етемін. 16.Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді. 17.Мені төбелеске дейін жеткізуге қабілетті адамдарды білемін. 18.Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін. 19.Мен өзімді жиі атылуға дайын оқ ретінде сезінемін. 20.Егер біреу өзін бастық сияқты көрсеткісі келсе әрқашан мен оған қарсы тұрамын. 21. Мені барлық болмысыммен жек көретін адам жоқ. 22.Көбі маған қызғанышпен қарайды. 23.Егер мен қатты ызалансам да балағат сөзге жақындамаймын. 24.Жұмыстан қашатын адамдар өздерінің кінәсін байқап сезу керек. 25.Егер маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын. 26.Қатты ызаланғанда бірінші қолыма түскен затты алып, сындырғанымды есіме түсіре аламын. 27.Өзіме ұнамсыз адамдарға қатынасым дөрекілеу көзқарастамын. 28.Маған бұйрық беріп сөйлесе, ештеңс жасағым келмейді. 29.Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын. 30.Кейде мені мазақ қылатын сияқты. 31.Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын. 32.Өз ата-анам үшін аз көмек тигізгенім мені қатты толғандырады. 33.Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын. 34.Дау барысында мен жиі дауысымды көтеремін. 35.Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін. 36.Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын. 37.Мен әрқашан да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын. 38.Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ. 39.Мен жиі адамдарды жәй ғана айтып қорқытқанмен, оны орындамаймын. 40.Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін. Жауап бланкісі Ұпайлардың қосындысы 1+ - 9+ - 17+ - 25+ - 33+ - 2+ - 10+ - 18+ - 26+ - 34+ - 3+ - 11+ - 19+ - 27+ - 35+ - 4+ - 12+ - 20+ - 28+ - 36+ - 5+ - 13+ - 21+ - 29+ - 37+ - 6+ - 14+ - 22+ - 30+ - 38+ - 7+ - 15+ - 23+ - 31+ - 39+ - 8+ - 16+ - 24+ - 32+ - 40+ - Кілті: . 1. Физикалық агрессия 1 - 9 17 -25 -33 2. Жанама агрессия -2 10 18 26 34 3. Тітіркенушілік 3 11 19 27 -35 4. Негативизм 4 12 20 28 36 5. Өкпелегіштік 5 13 -21 29 37 6. Күдіктенушілік 6 14 22 30 -38 7. Вербаліьді агрессия 7 15 -23 31 39 8. Кінәні сену 8 16 24 32 40 Сәйкес келеген таңбаларға бір ұпайдан беріледі және ұпайларды бір-біріне горизонтальді тұрғыда қосып, қосындысын "Ұпайлардың қосындысы" бағанына жазу қажет. Өңдеу кезінде эксперимент жүргізуші (зерттеушіні) зерттелушінің иителлектік деңгейі емес, оның мінезіндегі эмоциялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.



Категория: Ұбт-ға дайындық тесттері | Просмотров: 5919 | Добавил: ent | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: