.

Главная » 2012 » Ноябрь » 30 » 100 балл жинаған түлек студент атана алмай отыр
13:47
100 балл жинаған түлек студент атана алмай отыр
Биылғы ҰБТ кезiнде түлек¬тердiң өте төмен нәтиже көр¬сет¬кенi бәрiмiзге белгiлi. Егер құжат қабылдау кезiнде қателiк кетпегенде, қызым сөз жоқ, ауыл квотасымен-ақ грант иегерi атанып, бүгiнде өзi қалаған дәрiгерлiк мамандық бойынша бiлiм алып жатар едi. Сорақылығы сол, арға да, заңға да сыймайтын ол¬қылық қызымның жiгерiн құм етiп, жүрегiн жаралап, көңiлi¬не қаяу салғанына қарамастан, осыған кiнәлi адамдар жазаға тартылмауы, әдiлдiктiң әлi күнге дейiн салтанат құрмауы жанымызға батады.
Әңгiме түсiнiктi болуы үшiн әрiден бастасам. Бiз 2000 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға отбасымызбен көшiп келдiк. 2006 жылы азаматтық алдық. Ал қызым Өзбекстанда туылғанымен, орта мектептi Қазақстанда, бiрiншi сыныптан бастап Мақтаарал ауданындағы бiлiм ұясында оқы¬ған. Осылай бола тұра, Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысушылардың тiзiмiн Астанадағы бiлiм министрлiгiне жолдағанда мектеп әкiмшiлiгi құжатқа оның Өзбекстанда берiлген туу туралы куәлiгiн тiркеп жiберген. Қызым Шымкентте¬гi медициналық академиядағы қабылдау комиссиясына құ¬жат тапсырғанда да олар осы дерекке сүйенген. "Ертең мұ¬ның шикiлiгi шығып, зардабы тиiп жүрмесiн” деп қызым да, ата-анасы бiз де қанша шырыл қақтық. Не мектеп әкiмшiлiгi, не Медакадемияның қабылдау комиссиясы жанайқаймызға құлақ аспады. Олар "құжаттың түбiрi тексерiлмейдi” деп базаны өзгертуге, қателiктi түзетуге құлықсыздық танытты.
ҰБТ қорытындысы бойынша 100 балл жинаған қы-зым Жанар алдымен Қазақстан аза¬маты болып табылмайтын, бiрақ қазақ ұлтының өкiлде¬рiне арнап бөлiнген квота негiзiнде грант иегерi атанды деген сертификатты иеленiп, аты-жөнi оқуға түскендердiң тiзiмiн жариялаған "Егемен Қазақстан” газетiне шықты. Артынша Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық универ¬ситетi қызымның жоғары балл жинағаны дұрыс болғанымен, құжаты бұрыстығына байланысты оны студент қатарына қабылдаудан бас тартты. Мән-жайды түсiндiрiп Бiлiм және ғылым министр¬лiгiне шағым түсiрдiк. Алайда тест тапсыруға жолданған қызымның құжатында кеткен қате¬лiк¬тiң салдарынан жеңiп алған гранты өз күшiн жойғанын хабарлаған қыз-меттiк хат келдi. Хатқа министр Бақытжан Жұмағұловтың өзi емес, сондағы көп департаменттер¬дiң бiрiндегi директордың орынбасары С.Ысмағұлова жауап бердi. Бұл жауап бiздi қанағаттандырмай, министр Б.Жұ¬мағұловқа тағы бiрнеше рет хат жаздық. Ал министр Б.Жұ¬мағұлов жұмған аузын ашар емес. Әлде министр қарамағындағылардың қате¬лiгiн бiле тұра, әдейi бүркемелеп отыр ма? Үкiметке, құқық қорғау органдарына үлкен үмiт артып, қолдан жасалған қате¬лiкке кiнәлiлердiң жауапкершi¬лiкке тартылуына, әдiлдiктiң кеш те болса салтанат құруына көмектесулерiн сұрадық. Ешқайсысынан ешбiр жылы хабар жоқ. Неге бұлай?
Бiрiншi сыныптан бастап Қазақстанда оқыған, Қазақстан азаматы ретiнде тiркеуде тұрған, басқа жаққа қоныс аудармай, тек Қазақстанда тiршiлiк кешкен қызымның құжаттарын соншалықты сал¬ғырттықпен, бәлкiм, көпе-көр¬неу қастандықпен Өзбекстанның азаматшасы ретiнде рәсiмдеген Әсия Сердалиева басқаратын ауылдағы мектеп әкiмшiлiгi, не қабылдау комиссиясы мүшелерiнiң жауапкер¬шiлiкке тартылмайтыны қалай? Мектеп бойынша ҰБТ-да ең жоғары балл жинап, бiрақ ешқандай оқу орнының студентi атана алмаған қызымның обал-сауабын ойлайтын кiм бар?

Байзақ Бегiмбетов,
Атакент кентi,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
Категория: Ұбт жаңалықтары | Просмотров: 1272 | Добавил: ent | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: